«Тур де Франс»: Винченцо Нибали сары жейдені қайтарып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур де Франс»: Винченцо Нибали сары жейдені қайтарып алды

15.07.2014
«Тур де Франс»: Винченцо Нибали сары жейдені қайтарып алды

«Тур де Франс» бәсекесінің 10-шы кезеңінде «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали мәреге бірінші жетіп, сары жейдені қайтарып алды. Велошабандоз 161 шақырымды 4 сағат 27 минутта жүріп өткен.

Француз Тибо Пино екінші болса, испандық  Алехандро Вальверде үштікті түйіндеді. Ал «Тур де Франстың» осыған дейінгі екі дүркін жеңімпазы, Ресей елінің атынан сынға түсіп жатқан, атақты велошабандоз Альберто Контадор мәреге 95 шықырым қалғанда құлап, жарыс жолынан шығып қалды.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу