Жарыста мотоцикл жүргізушісі ажал құшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарыста мотоцикл жүргізушісі ажал құшты

14.07.2014
Жарыста мотоцикл жүргізушісі ажал құшты

Алматы маңындағы «Алма-Арасан» шатқалында өткен жарыста бір мотоцикл жүргізушісі апатқа ұшырады. Бұл туралы kolesa.kz. мәлімдеді деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиға «Аюсай» дөңінде болған. «Ducati 1098» мотоциклін мінген 6 нөмірлі Антон Юхименко жарыс жолында мотоциклдің рөліне ие бола алмай, жол жиегіндегі тосқауылға барып соғылған.

1980 жылы туған азамат ауыр жарақаттармен шұғыл арада ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны аман алып қала алмаған.

Куәгерлердің айтуынша, апат жарыстың басында бірінші бұрылыста болған. Жарысқа қатысушы бұрылыс алында үлкен қателікке бой алдырған. Ол басқаруға ие бола алмай, құлап бара жатқан мотоциклді қалпына келтіріп үлгермеген. Содан бар жылдамдығымен бұрылыстан шығып кетіп, жол жиегіндегі тосқауылға барып соғылған.

Апаттан соң, жарыс тоқтатылды. Кейінірек ралли жарысы басталды. Алайда, қатысушылар 20 шақырымдық екі айналымның орнына бір айналым ғана жасады. Кейін жарыс мүлдем тоқтатылды.

Хабарламаларға жазылу