«Түркі әлемі» атты жаңа телеарна іске қосылды
Түркі дүниесінің рухани әлемін таныстыратын «Түркі әлемі» атты жаңа телеарна іске қосылды. Қазақ және түрік тілдерінде хабар тарататын бұл арна тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, өнері, әуені, яғни мәдени және рухани мұралары туралы хабарлар беріледі. Сондай-ақ, Қазақстанның туризм саласының әлеуетін паш ететін материалдар көрсетіледі. Телеарнаның ғаламтордағы мекенжайы - www.turkalemitv.com.
Айта кетейік, телеарнаның ұйымдастырушысы - Түркі халықтарының мәдени қоры. Олардың күшімен шыққан «Түркі әлемі» халықаралық газетінің жарық көріп келе жатқанына биыл 15 жыл толып отыр.
Басылым қазақ, түрік және орыс тілдерінде шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06