«GLOBAL-turk» халықаралық журналының алғашқы саны жарық көрді
Түркі кеңістігінде жаңа басылым дүниеге келді. Астана қаласындағы Түркі академиясы «GLOBAL-turk» атты сараптамалық-талдау бағытындағы халықаралық журналының алғашқы санын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметі.
Басылым түркітанумен ғана шектелмей, Еуразия кеңістігін жайлаған Түркі әлемінің өзекті мәселелеріне қатысты тың зерттеу-мақалалар, түркі интеграциясы туралы терең ізденістерді жариялайды.
Сондай-ақ, Түркі елдері ғалымдары арасында ортақ күн тәртібі мен ғылыми дискурс қалыптастыру да көзделіп отыр.
Өткен айдың басында Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі Кеңесінің IV саммитінде Түркі академиясына түркі әлемі елдерінің интеграциясы жолдарын айқындау үшін бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мүше-елдердің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру ұсынысын жасады.
«GLOBAL-turk» журналы сол міндеттерді орындау мақсатында жарыққа шықты.
Редакция алқасы құрамына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, сондай-ақ, Жапония, АҚШ және Ресей Федерациясы сияқты елдердің ғалымдары мен халықаралық ұйымдардың басшылары, стратегиялық орталықтардың жетекшілері бар.
Екі айда бір рет жарық көретін халықаралық басылымда Түркі Кеңесіне мүше елдер тілінде (қазақ, түрік,әзірбайжан және қырғыз), сонымен қатар, ағылшын және орыс тілдерінде мақалалар жарияланады
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10