Басты Жаңалықтар Жаңа технология – ғылымға серпін

Жаңа технология – ғылымға серпін

Елімізде ғылымды дамытуға және жас ғалымдарды қолдауға бағытталған мүмкіндіктер кеңейіп келеді.

Ғылыми әлеуетті арттырумен қатар, зерттеу жұмыстарына заманауи технологияларды енгізу маңызды бағыттардың біріне айналды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» кітабында білім мен ғылымды дамыту, адами капиталды күшейту және технологиялық жаңғырудың маңызы атап өтіледі. Бүгінде жасанды интеллект пен IT шешімдер ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сана Қабдрахманованың пікірінше, цифрлық технологияларды ғылымға кеңінен енгізу зерттеу үдерісін жеделдетуге ықпал етеді. Бұл ретте жас ғалымдардың тың идеяларын жүзеге асыруына жағдай жасау маңызды. Ғылыми ортаға жастарды тарту елдің зияткерлік және технологиялық әлеуетін арттыруға да мүмкіндік береді.

Сана Қабдрахманова, Техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор:

Дамыған мемлекеттердің деңгейіндегі ғылымды дамыту үшін ең бірінші кезекте Президентіміз міндет қойды ғой IT саласын, жасанды интеллектіні ғылымға дендеп енгізу керек деп. Жасанды интеллект пен IT саласы кез келген ғылым саласына қолдануға ыңғайлы. Ол ғалымдардың жұмысын жеңілдетеді. Мемлекетіміз дамыған мемлекеттер қатарына енеді.
Бөлісу