Басты Жаңалықтар Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!

Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!

Иә осы «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысушылар саны күн санап артуда. Қазір сайтқа тіркелгендер саны 1 миллион 400 мыңға жуықтап қалды. Ал, кітап оқып, пікір қалдырғандар саны 47 мыңға жақындаған. Астана қаласы мен Қостанай және Жамбыл облыстарының тұрғындары кітап оқу жағынан көш бастап тұр.  Әр оқылған кітап үшін 250 ұпай беріледі. Астаналық оқырманның ұпайы 1 миллион 300 мыңнан асқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы аясында қолға алынған «Жылдың 10 оқырманы» жобасына қатысу үшін reading-nation.kz сайтына тіркелу қажет. Сайтта көрсетілген 15 кітапты наурыз айына дейін оқу керек. Бұл тізімде Жүсіп Баласағұнның  «Құтты білік», Мұхтар Мағауиннің «Көкмұнары» сынды құнды туындылар бар. Марафонның аяқталуына тура 155 күн қалды. Жарты жылға жуық уақыттың ішінде 15 кітап оқып, марафон шартынан сүрінбей өткен 10 адамға 10 миллион теңгеден беріледі. «Кітап оқитын ұлт» сайтынан марафон шарттарымен толығарақ танысуға болады.

Бөлісу