Басты Жаңалықтар Ұлағатты ұстаздар марапатталды

Ұлағатты ұстаздар марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында бүгінде 12 мыңға жуық ұстаз еңбек етеді. Кейбір педагогтер әулетінің жалпы еңбек өтілі  200 жылдан асады.Ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан ұстаздарды бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов кәсіби мерекесімен құттықтап,бірқатарына Мемлекет басшысы атынан  марапат тапсырды.

Ұстаздық ету өзін аямау, өзгенің баласын аялау. Тек бұл жолда ерінбей еселі еңбек етіп, сан шәкірттің санасына сәуле түсірсем деген жан ғана нәтижеге жетеді. Сондай  ұлағатты ұстаздың бірі- Рысгүл Асанова. Қырық жыл  мыңдаған шәкіртке әріп үйретіп, әліппе оқытқан мұғалімнің бүгін еңбегі еленіп, кеудесіне «Құрмет» орденін тақты.

Рысгүл Асанова, бастауыш сынып мұғалімі:

Ұстаздық жол айтып жатырмын ғой, жеңіл емес өте ауыр жол. Бұл жерде аса төзімділік шыдамдылық керек. Еңбек етсең, әрине мұның соңғы нәтижесі үлкен міне марапатқа айналып жатыр.

Әр шәкірті білімнің шыңына шықса мұғалім үшін құрмет те, мәртебе де сол. Мағжанның әлгі «Алты алаш бас қосқанда төр мұғалімдікі» деуі содан.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Мемлекет басшысы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мықты мұғалім сапалы ұлттың тірегі деп атап өткендей. Еліміздің зияткерлік әлеуеті мен болашақ адами капиталы бүгінгі мектеп қабырғасында қалыптасады. Әрбір шәкірттің білімі мен тәжірибесіне салынған еңбек мемлекетіміздің ертеңіне салынған басты инвеститция.

Шығыстағы оқушылар тек биыл халықаралық және республикалық олимпиада мен жарыстарда  жиынтығы 171 медаль алса,оның 37-сі алтын. Сондықтан ұстаздарға  көрсетілген марапат пен құрмет сол шәкірттердің жетістігіне берілген баға.


Бөлісу