Басты Жаңалықтар Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр

Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр

Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстау қоғамдық құндылыққа айналуы тиіс. Қарағанды облысы Ақмешіт ауылы осы құндылықты ту етіп, тазалыққа аса мән беріп келеді. Тіпті жасы 80-ге келген Зүбайра Сыздықова да трактор тізгіндеп, ауыл жұртына қолғабыс етеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұртышлықпен бірге сенбілікке шығады. Өңірдегі тұңғыш әйел комбайншымен тілшіміз Жандос Бақытұлы тілдесіп келді.

Зүбайра Сыздықова, Ақмешіт ауылының тұрғыны:

Таңертең ерте тұрамыз, свет бола қоймайды. Моторды заводить етіп, радионы включать еткенде «Доброе утро!» деп айқайлайды ғой. Сол монтерде істедім. Одан кейін бізде тракторға оқуға СПТУ-ға түстім, сонда оқыдым. Тал бар ғой, сол жерде біздің бригада болған. Осы МТМ-да мен істегенмін. Ещё күледі, «қалай қорықпайсың?» деп. Енді адам қорқа ма екен? Сол награждённый, «Орденом Знак Почёта» медалім бар. Жолдасым шофёр автолавкада істейді. Сынғанда кухняға кіргіземіз де, моторды істеп тастаймыз. Головкасын снимать етеміз, передний балка, задний балка, коленвалды алып, кармашкаларын тазалап, продуть етеміз. Шахтинскийде екі комнаталы үй бар. «Көш» дейді. Мен көшкен күні өліп қаламын. Мында ауылға шығамын да, «привет!» деп айқайласам, уже бәрі де «привет!» дейді. Көршілерім қандай жақсы! Шәй қайнатам да, «шық, жүр біздің үйге шай ішуге» деймін. Қалада ондай бар ма? Шына беседканы 3500 бутылка кетті. Суретті немерем салды.  
Ауылымыздың адамдары да өздері, мына көрші маңайым тазалықты бәрі ұнатды. Ауылымызға шығамыз, көмектесуге, есіктің алды таза болсын деп. Құдайға шүкір.
Бөлісу