Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
Қайтарылған активтер есебінен салынған тағы бір нысан жұмысын бастады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа футбол стадионының құрылысына 16,7 миллиард теңге жұмсалған. Мұнда заманауи футбол алаңы, спортшыларға, жаттықтырушылар мен көрермендерге қажетті барлық жағдай қарастырылған. Нысан 3 мың 600 көрерменге шақталған. UEFA-ның 2-санат талаптарына сай келеді. Жобаны іске асыру елорданың спорттық инфрақұрылымын дамытуға, оқу-жаттығу процесіне заманауи жағдай жасауға, сондай-ақ қалалық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге бағытталған. Қазірдің өзінде 800 ден астам бала жаңа стадионда футбол және футзалмен тегін айналысады.
Еркебұлан Алдабергенов, «№8 Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ басшысы:
Әкімшілік бөлігі бар. Конференция залы, журналистерге арналған бөлме, медициналық бөлмелер бар бірнеше. Сонымен қатар, техникалық кабинеттер, VAR кабинеті. Жалпы қарастырылған стандарттарға сай келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы