Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
Петропавл қаласында Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өтті. Білім саласының үздіктері бас қосқан жиында ұстаздардың еңбегі ерекше аталып өтті. Мерекелік шара барысында 46 білім беру саласының қызметкері марапатқа ие болды. Олардың қатарында көп жылдық тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздармен қатар, жас мамандар да бар.
Білім саласында жемісті еңбек етіп жүрген мамандардың қатарында 29 жылдық тәжірибесі бар Жадыра Қаржаубаева да бар. шәкірттерін республикалық білім додвларында топ жарып жүр. Бірнеше кәсіби марапаттың иегері атанған ұстаздың еңбегі бүгін «Құрмет» орденімен бағаланды.
Жадыра Қаржауова, Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп мұғалімі:
Бұл марапат менің ғана жеңісім емес, мені әрдайым қолдап жүрген отбасымның, сондай-ақ иық тіресе жұмыс істеп жүрген әріптестерімнің және біліммен қуантып жүрген оқушыларымның ортақ жемісі деп білемін.
Шара аясында «Жас маман – жаңа қадам» атты көрме ұйымдастырылды. Онда педагогтер өз жобаларын таныстырды. Көпшілігі жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланудың жаңа тәсілдерін ұсынды.
Мадияр Мәдениетов, Ақтас негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:
Бастауыш сынып оқушылары жазуы көп мәтінмен жұмыс жасай алмайды. Оларға ол қызық емес. Баланың психологиясы 10 жасқа дейін мәтіндік иллюстрация ғана жұмыс істейді, яғни суреттермен. Соны өз жобама қостым.
Өңірде 16 мыңнан астам ұстаз еңбек етеді. Бүгін олардың 500-ден астамы бір алаңда бас қосып, кәсіби мерекені атап өтті. Білім саласындағы нәтиже жыл сайын артып келеді. Бұған ұстаздардың еңбегі мен шәкірттерінің жетістігі дәлел.
Айнагүл Сұрағанова, СҚО білім басқармасының басшысы:
2025 жылы өткен халықаралық PISA бойынша бізідң оқушыларымыз лқу сапасы бойынша елдң үштік өңірелріне жатады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру сапасын арттыру мен педагог мәртебесін көтеруді мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде айқындап келеді. Ұстаз еңбегін ұлықтау – сапалы білім мен саналы ұрпаққа деген құрметтің көрінісі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы