Бейжіңде қазақстандық студенттердің құрылтайы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде қазақстандық студенттердің құрылтайы өтеді

29.05.2014
Бейжіңде қазақстандық студенттердің құрылтайы өтеді
30 мамырда Бейжіңде Қазақстан студенттерінің III құрылтайы өтеді. Оған Шанхай, Сиань, Бейжің, Ухань, Үрімжі, Гуанчжоу, Чунцин, Тянцзинь, Далянь, Ханчжоу  сынды Қытайдың 10 қаласынан 200-ге жуық делегат қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Айта кетейік, құрылтай жыл сайын ұйымдастырылады. Онда студенттердің маңызды мәселелері, оларды шешудің жолдары мен механизмдері талқыланады. Ал, Қазақстандық студенттердің бірінші құрылтайы 2012 жылдың мамыр айында Сиань қаласында ұйымдастырылды.
 
Шара Қытайда оқитын қазақстандық студенттердің қауымдастығы мен  Қытайдағы ҚР Елшілігінің қолдауымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтеді.

Хабарламаларға жазылу