Бельгиядағы қазақстандық студенттердің қауымдастығы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиядағы қазақстандық студенттердің қауымдастығы құрылады

21.10.2022

Бельгиядағы қазақстандық студенттердің қауымдастығы құрылады. Сондай-ақ, шетелдегі жастар Президент сайлауына біркісідей қатысуға ниетті. Олармен еліміздің Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан кездесіп, елдің сыртқы саясаттағы беделі туралы айтып берді. Сондай-ақ, жас буын өкілдерін ел игілігі үшін маңызды шараларды бірігіп атқаруға шақырды. Қазір корольдікте 20-дан астам қазақстандық студент білім алып жатыр.

Әлижан Мақсатұлы, Лёвен Католик университетінің 1-курс студенті:

Шетелдіктер бізге қарап қазақтарға, Қазақстанға баға береді. Сондықтан, біз ұстамды, байсалды болуымыз керек.Еліміздің болашағы үшін жақында өтетін сайлауға қатысып, дауыс береміз.

Айдана Орынғалиева, Лёвен Католик университетінің 2-курс студенті:

Президентіміздің бастауымен алдыңғы жылдары жастар жылы болды. Соның бастауымен біз Жаңа Қазақстанды құруға тырысып жатырмыз. Болашақта оқуымды бітіргеннен кейін Қазақстанның дамуына үлес қосқым келеді.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу