14 мамырда Қытайда қазақстандық студенттердің бесінші Құрылтайы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 мамырда Қытайда қазақстандық студенттердің бесінші Құрылтайы өтеді

13.05.2016
14 мамырда Қытайда қазақстандық студенттердің бесінші Құрылтайы өтеді

Оған Бейжің, Шанхай, Ухань, Сиань, Үрімжі, Ланьчжоу, Далянь, Нанкин, Тяньцзинь, Шэньян және Гуанчжоу сияқты қалалардан 100-ден астам студент қатысады.

Ұйымдастырушылар «Азиядағы және Океаниядағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» өкілдігі, ҚХР-дағы ҚР Елшілігі, сондай-ақ Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығы (KSAC).

Құрылтайда «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыруда қазақстандық жастардың рөлі» тақырыбында конференция және студенттік КТК фестивалі өтеді.

Еске салсақ, Қытайдағы қазақстандық студенттердің құрылтайы Қытайдағы қазақстандық жастарды өзін ұйымдастыруын дамытуға және патриоттық тәрбиеге, бірігуге бағытталған ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің бірлескен шарасы болып табылады.

Қазіргі уақытта Аспан асты елінде Kazakhstan Students Association in China» (KSAC) бірыңғай студенттік ұйым бар, ол елдің ЖОО-ларында білім алатын 12 мың қазақстандық студенттерді біріктіреді.

Чунцин - Қытайдың орталық бағыныстағы қаласы. Чунчин ЖОО-ларында 200-ден астам қазақстандық студенттер білім алады.

 

Хабарламаларға жазылу