Амстердамда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амстердамда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді

23.05.2015
Амстердамда Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді

Бірер сағаттан соң Амстердамда Еуропа қазақтарының құрылтайы басталады. Бұл жолғы басқосу Қытайдан Анадолыға ауып, әрі қарай Еуропаға қазақтың көшін бастаған Шыңжаң қазақтары ұлт-азаттық күресінің басшысы Елісхан Әліпұлының рухына арналады.

Биылғы шараға әрісі Америка, берісі Түркиядан әлемнің 10 елінен 2 мыңға жуық қандасымыз қатысады. Шеттегі қандастарымыз қазір Нидерланд астанасына жиналып жатыр.

Тойдың құрметіне Еуропа қазақ жастары командалары арасында футбол ұйымдастырылған. Кішкентай балалар қазақ күресі, асық ойындарынан өзара бәсекеге түседі.

Екі күнге созылатын шара барысында қазақ диаспорасының өкілдері ана тілі, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрдің сақталуына қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.  

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу