Елбасы Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрыновты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ұлттық ғылым академиясының президенті М.Жұрыновты қабылдады

08.10.2019

Қазақстандық жас ғалымдар әлемнің озық мемлекеттерінде тәжірибеден өтеді. Бұл бағыттағы жұмыстар аяқталуға жақын. Бүгін Елбасының қабылдауында болған Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов ғылым саласындағы соңғы жаңалықтарын баяндады. Былтыр Бейжіңде әлемнің 47 жетекші елінің академиялары кіретін ғылыми ұйымдардың ең ірі альянсы құрылды. Қазақстан осы бірлестіктің бір бөлігіне айналды. «Осылайша, ғалымдарымыз түрлі бағыттарда ірі жобалармен жұмыс істеуге қосымша мүмкіндік алды», - деді Мұрат Жұрынов.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу