14-15 мамыр күндері Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14-15 мамыр күндері Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді

12.05.2016
14-15 мамыр күндері Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді

14-15 мамыр күндері Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының құрылтайы өтеді. Оған 14 мемлекеттен 2000-нан аса қандастар қатысады деп күтілуде.

Жиында жастар арасында спорттық жарыстар өткізіліп, қалың көпшілік қазақстандық айтулы ақындардың өнерлерін тамашалайды. Сондай-ақ, халықтық əн-жыр, терме-толғаулардың концерті өтеді.

Мұхамеджан Тазабеков, Жандарбек Бұлғақов, Сырым Əуезхан сынды айтыс ақындары, әншілер Ұлықпан Жолдасов, Төреғали Төрəлі, Төрəлі Төлепов, Фарида Жолдасова, Қажымұрат Шешенқұлұлы, жыршы-термеші Əбіш Əділбеков, сондай-ақ, қылқалам шебері, суретші Гүлназым Өмірзаққызы, этнограф Салтанат Өмірəлі, продюсер Айған Жүсіпова сияқты отандық өнер саңлақтары осы сапарға қамдануда.

Осыған дейінгі Еуропа мемлекеттерінде өткен қазақ бауырлар басқосуларының концерттік бағдарламаларын жүргізіп келген Қазақ радиосының журналисі Жазира Амантайқызы Кельнде де сахна тізгінін қолына алмақ.

Дүбірлі шараға қазақстандық делегацияны Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры ұйымдастырып, бастап барады. 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу