Жүргізуші куәлігін беруді қару берумен теңестіру қажет
Қазақстанда жүргізуші куәлігін беруді қару берумен теңестіру қажет. Парламент Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында осындай ұсыныс айтты.
«Жүргізуші куәлігін алу кезіндегі емтихандардың, әсіресе жүргізуші куәлігінен айырылуына байланысты көлік жүргізушілер қайта тапсыратын емтихандардың сапасын бақылауды күшейту қажет. Жүргізуші куәлігін беру қару берумен теңестірілуі керек, өйткені мас күйдегі адам немесе дилетант басқарған автомобиль қылмыскердің қолындағы қарумен бірдей. Сонымен қатар, көлік жүргізуді бағалау рәсімінің ашықтығы және сыбайлас жемқорлық көріністерін болғызбау үшін көлік жүргізу бойынша емтихандар қабылдау кезінде оқу машиналарын бейнетіркегіштермен жарақтау керек», дейді депутат.
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Қазақстан жыл сайын жол апаттары салдарынан 600 миллиард теңгеге жуық қаражатты жоғалтуда. 2012-2013 жылдары Қазақстанда автомобильді мас күйінде жүргізудің 80 000-нан астам фактісі тіркелді. 2013 жылдаң 37 мыңға жуық адам, ал ағымдағы жылдың 4 айында ғана 10 386 адам жүргізуші куәлігінен айырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ халық ертектері татар тіліне аударылды
05.03.2026, 13:21
Халық пікірі: Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам негізі
05.03.2026, 13:18
Бельгияда Конституция жобасы талқыланды
05.03.2026, 13:15
ШҚО-да туберкулездің алдын алу екпесінен бас тартатындар көбейген
05.03.2026, 13:12
Politico: Ирандағы соғыс 100 күнге созылуы мүмкін
05.03.2026, 13:09
БҚО-да 108 адам қызылша жұқтырған
05.03.2026, 13:06
Алматы облысында стоматологиялық клиника медициналық сақтандыру қорынан 66 млн теңге жымқырған
05.03.2026, 13:03
Атыраулық отбасы ісі бойынша күдіктілер Қазақстанға жеткізіледі
05.03.2026, 13:00