30 мамырда «Сүйемін сені, Астана» фестивалі өтеді
|
Балаларды қорғау күні және Елорда күні қарсаңында «Сүйемін сені, Астана» атты дәстүрлі фестиваль өтеді. Шараға келушілер «Сүйемін сені, туған өлкем!» атты көрменің ашылу рәсімін тамашалайды.
Онда «Мен осы жерде өмір сүремін» атты халықаралық байқау қазақстандық және ресейлік қатысушыларының үздік 100 туындысы қойылмақ. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, astana.kz сайты хабарлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара Отанына адал еңбек етіп, игі істерді атқаруды көздейтін азаматты тәрбиелеуге бағытталады.
Фестиваль ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, ЮНЕСКО-ның Балалар көркемсурет мектеп-клубы мен Новосібір қаласының «Солярис» балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымы және Ресей мәдениет қоры Новосібір филиалының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Шара ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде сағат 11.30-да басталады.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу жүйесін өзгертпек
10.09.2026, 13:27
Миялы – Тайсойған жолын құм басып қалған
10.09.2026, 13:24
Алматыда салют атуға болмайды
10.09.2026, 13:21
Әлеуметтік желіде балағаттаған ақтөбелік айыппұл арқалады
10.09.2026, 13:18
Си Цзиньпин Үндістанға сапарлауы мүмкін
10.09.2026, 13:15
11-ші қыркүйек оқиғасына 25 жыл
10.09.2026, 13:12
Ұлытау облысындағы ауылда мектеп ашылды
10.09.2026, 13:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жастарымыз ең алдымен зияткерлік қабілеті жоғары, ойы ұшқыр, еңбекқор болуы қажет»
10.09.2026, 13:08