Жоғалған Boeing-777 бортындағы барлық адам күдіктілер қатарында
Малайзия билігі 8 наурызға қараған түні жоғалған «Боинг 777» бортында шын мәнісінде не болғанын анықтағанша, осы ұшақта болғандардың әрқайсысына қатысты мәліметтерді жіті зерттемек, деп хабарлайды CNN.
Ұшақтың бортында болған 239 адамның кез келгені тұтқындалуы немесе әрқайсысы күдікті болуы да ғажап емес. Барлық жолаушы да, екі ұшқыш та күдіктілердің қатарында.
«Осы ұшақта болғандардың әрқайсысының өмірбаянын зерттеу керек», - деді Нью-Йорктегі ФТБ директорының бұрынғы көмекшісі Билл Гевин. - Әрине, балалар мен қарттар күдіктілер қатарына қосылмайды».
«Осы ұшақта болғандардың әрқайсысының өмірбаянын зерттеу керек», - деді Нью-Йорктегі ФТБ директорының бұрынғы көмекшісі Билл Гевин. - Әрине, балалар мен қарттар күдіктілер қатарына қосылмайды».
Естеріңізге сала кетейік, Malaysian Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпурдан Бейжіңге бет алған МН370 лайнерімен байланыс 8 наурызға қараған түні үзілген еді. Экипаж одан кейін байланысқа шықпаған және апатқа ұшырағаны жөнінде дабыл бермеген.
Апатқа ұшырады деп байлам жасауға әзірше себеп те жоқ, ол күні ауа райы да қолайсыз болмаған. Ұшақтағылармен байланыс соңғы рет Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырым жерде жасалған. Әуе кемесінің бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған.
Түрлі елдердің ұшақтары Оңтүстік Қытай теңізінде іздеу шараларын жүргізуде. Жоғалып кеткен «Боинг 777»-ні іздеуге кіріскен елдер саны 25-ке жетті, деп хабарлайды Малайзияның көлік министрі Хисамуддин Хусейн. Апатқа себеп болған негізгі себептер мыналар болуы мүмкін: техникалық ақау, қозғалтқыштың істен шығуы, лаңкестердің шабуылы, ұшақты ұрлау, экипаждың қателігі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13