Басты Жаңалықтар Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі

Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі

Қазақстан Халық Кеңесі қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың ұсыныстарын мемлекеттік деңгейде көтеруге мүмкіндік бермек. Кеңес мүшесі Нұржан Жақыповтың сөзінше, Жаңа Конституциялық орган елдің түкпір-түкпіріндегі өзекті мәселелерді жинақтап, оларды шешу жолдарын ұсына алады. Сондай-ақ заң жобаларын әзірлеуге бастамашы болу құқығына ие. Бұл – халықтың ұсыныстарын нақты шешімдерге айналдыруға бағытталған маңызды қадам.

Нұржан Жақыпов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Жаңа Конституциялық орган - Қазақстан Халық Кеңесі. Енді кез келген адамнан шешім қабылдайтын адамға жол өте қысқа болады. Түкпір-түкпір жерлерден бізді Халық Кеңесінің мүшелері бар ғой. Халықтан мәселелерді жинап, сапасын арттырып, Құрылтайға дайындап беретін үлкен мүмкіндік.

Бөлісу