Головкиннің командасы Чавестің жауабын күтуге құлықсыз
WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің командасы мексикалық Хулио Сезар Чавес кішінің жауабын тағы күтуге құлықсыз. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.
Тараптар кездесу ұйымдастыру жөніндегі келіссөздерді осыдан бір ай бұрын бастаған. Алайда, келіссөздер Хулио Сезар Чавестің «Top Rank» промоутерлік компаниясынан бас тартуы салдарынан созылып кеткен. Мексикалық боксшының компаниядан бас тартуының негізгі себебі – оған төленетін қаражаттың аздығы.
Т. Леффлердің айтуынша, Хулио Сезар Чавес келісімшартқа қол қоймайтын болса, Головкиннің басқа қарсылас іздеуіне тура келеді. Сондай-ақ, Леффлер «HBO» телеарнасымен келіссөздер жүргізіп жатқанын да мәлімдеді.
Айта кету керек, Головкин – Х. С. Чавес кездесуі Лос-Анджелестегі «Forum» жабық аренасында 19 шілдеге белгіленген. Геннадий Головкин үшін бұл 30-шы кездесу болмақ.
vesti.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06