Үрімжідегі қазақстандық студенттер Наурыз мерекесін тойлады
Қазақстандық студенттер Үрімжіде Наурыз ұлттық мерекесін тойлады. Бұл жолы мерекеШыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі әкімшілік орталығының мәдени-тарихи саябағында өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Іс-шараға Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі халықтық үкіметінің шенеуніктері, қазақ диаспорасының өкілдері, Үрімжідегі «KTZ EXPRESS» пен «Қазақстан темір жолы» өкілдіктері қатысты.
Олар Наурызды ұйымдастыруда студенттерді қаржылай қолдады. Ұлттық мерекеге АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Сауд Арабиясы, БАӘ, Ауғанстан елдерінен, сондай-ақ ТМД-ға елдерінен келген студенттер белсене қатысты.
Іс-шара бағдарламасы мерекелік концертпен басталды. Онда қыздар мен жігіттер ұлттық би билеп, халық әндерін орындады.
Үрімжіде қазақстандық студенттер арасында алғаш рет қазақша күрестен жарыс өтті. Жеңімпаздар бағалы жүлделермен, грамоталармен марапатталды.
Наурызды тойлауға келгендер палау, бауырсақ, наурыз көженің дәмін татуға асықты.
Іс-шараны Үрімжідегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің төлқұжат-визалық қызметі ұйымдастырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08
«Worldskills Astana-2026» чемпионаты басталды
15.05.2026, 20:06