Астанада Азия даму банкінің 47-ші отырысы өтуде
Бүгін Астанада Азия даму банкінің 47-ші отырысы өтуде. Өткен жылы Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында 2014 жылы Азия даму банкі басқарушылар кеңесіне төрағалық етуші ел мәртебесіне Қазақстан ие болған еді.
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Азия даму банкі және «Economic Research Institute» ұйымдастырып отырған айтулы шараның биылғы тақырыбы: «Жібек жолы: Азияны өзгермелі әлеммен біріктіру».
Қазақстан елордасына банкпен байланыс орнатқан мемлекеттерден 3 мыңнан астам делегат келді. Оның ішінде шетелдік қаржы министрлері, ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен компания басшылары бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды отырысты өткізу Қазақстанның инвестициялық әлеуетін көрсетуге мүмкіндік береді және еліміздің халықаралық аренадағы мәртебесін нығайта түсуге септігін тигізбек.
Қазақстанның Азия даму банкімен ынтымақтастығы 1994 жылы орнаған. Осы уақыт аралығында қаржы институты Қазақстанға 2 миллиард АҚШ долларынан астам қаржылай көмек көрсетті.
Ал, 2012 жылы Қазақстан оның қорына қомақты қаржы салып, Азия даму банкінің доноры атанды. Еліміздегі еңселі жоба «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік автомобиль дәлізін қаржыландыру осы банктің еншісінде.
Шара 5 мамырға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Коммерция, сауда, Транскаспий әлеуеті: C5+1 елдері мен АҚШ үкіметтері қандай келісімге келді?
08.11.2025, 13:10
С5+1 елдері мен АҚШ үкіметтері ынтымақтастық орнатуға келісті
08.11.2025, 12:30
LRT жүйесіне жұмысқа қабылдау басталды
07.11.2025, 20:59
Ішкі саясат саласын жүйелейтін құжат еліміздің 2029 жылға дейінгі даму жоспары негізінде әзірленген
07.11.2025, 20:57
Тұщы су өндіру үшін су арнасы тереңдетіледі
07.11.2025, 20:54
СҚО-да ауыл тұрғындарының саны азайып барады
07.11.2025, 20:51
«Үркер» - 2025 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
07.11.2025, 20:47
Түркі елдерінің достығын дәріптеген басылымдар
07.11.2025, 20:44