С.Ахметов: Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылданады
|
Ұлттық валютаның жаңа айырбас бағамы халықтың жағдайына кері әсерін тигізбеуі керек. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Серік Ахметов мәлімдеді.
«Ұлттық банк бүгіннен бастап Ұлттық валютаның жаңа айырбас бағамын жариялады. Бұл мәселе халықтың тұрмыстық жағдайына кері әсерін тигізбеуі үшін тез арада тиісті шаралар қабылдаймыз. Ең алдымен елімізде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керек»,- деді С. Ахметов.
Осы орайда Үкімет басшысы бұл мәселе күнделікті қажетті тауарлардың бағасына айрықша қатысты екенін қадап айтты. Сонымен қатар, Үкіметтің экономикалық блогы мен Ұлттық банк бірлесіп, қалыптасқан жағдайды шұғыл бағалап, ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Серік Ахметов Үкіметте осы мәселелер жан-жақты қаралып, қажетті шешімдер қабылданатынын айтты.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10