Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді

Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді

Олардың басым бөлігі қала мен аудан орталықтарынан шалғайда жатқан ауылдарда ашылған. Заманауи технологиямен жабдықталған нысандар ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек алуға жағдай жасап отыр. Тақырыпты толығырақ әріптесім Жандос Бақытұлы тарқатсын.

Жандос Бақытұлы, тілші:

Біз қазір Бұқар жырау ауданы Гагарин ауылына келдік. Мұнда 100-ден аса тұрғын түтінін түзу ұштырып, қамқалы елдің қарқарасын биіктетіп келеді. Алайда ауылдағы ағайын ауырса алыстағы Қарағандыға қатынап, іргедегі Теміртауға телміріп әбден шаршаған. Сондықтан тура бір жыл бұрын мұнда жаңа дәрігерлік амбулатория бой көтерді.

Жаңа медициналық нысанда қажетті құрылғылардың барлығы түгел. Бұл – физиотерапия кабинеті. Ауылда жалпы 1100-ден аса тұрғын болса, соның 400-ге жуығы балалар. Ал балаларға арналған мұнда оңалту бөлмесі жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындарына ең бір маңызды дүниелердің бірі – ол күндізгі стационар. Мұнда қазір тұрғындар ем алып жатыр. Қарағанды облысында пилоттық жоба ретінде телемедицина қызметі жұмыс істеп тұр. Сол бойынша ауыл тұрғындарының бірінен сұхбаттасақ.

Жеңіс Ламиха, Гагарин ауылының тұрғыны:

Жаңаның аты жаңа ғой. Бұрынғы көне амбулатория ана жерде біреудің үйі болатын. Қазір қоғам дамуына сай мынандай әдемі жаңа амбулатория пайда болды. Бұның өзі халыққа жаратқан игілігі, үкіметтің. Біз осыған разымыз.

Жақсы, аға. Денсаулығыңыз мықты болсын. Бұл медициналық нысанда бір дәрігер, акушер және екі бірдей медбике бар. Ауыл дәрігерімен сұхбаттасақ. Сұлтанбек Ержанұлы, мына жаңа нысанның медициналық мүмкіншіліктеріне өзіңіз тоқталып өтсеңіз.

Сұлтанбек Ержанұлы, дәрігер:

Мен жалпы мұнда 2024 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмыс атқарып бастадым. Жаңа дәрігерлік амбулатория соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Күндізгі стационар, физио лечение және нейро оңалту кабинеттері бар. Ал мына кабинетке келетін болсақ, бұл – біздің акушер-гинекологтың кабинеті. Соңғы технологиялармен жабдықталған.

Жандос Бақытұлы, тілші:

Мемлекет басшысының тапсырмасымен дәл осындай 650-ден аса нысан ел игілігіне жарап тұр. Оның 92-сі Қарағанды облысында.
Бөлісу