Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
Түркістан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен кейінгі екі жылда 30 нысан салынды. Бөлінген қаражат 26 миллиард теңгеден асады. 27 нысанның құрылысы аяқталса, қазір 3 нысанды салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алғашқы әлеуметтік жоба былтыр Темірлан ауылында бой көтерді. 300 оқушыға арналған музыка мектебі қазір өнерлі өрендердің шығармашылық орталығына айналған. Бұған дейін Темірлан ауылының 400-ге жуық оқушысы жарты ғасыр бұрын салынған музыка мектебінде оқып келді. Енді жаңа өнер мектебі былтыр 8 ай ішінде салынды. Жобаға 890 млн теңге жұмсалды. Жаңа өнер мектебінде 150 орындық акт залы, кітапхана, дыбыс жазу студиясы бар. Одан бөлек, 400-ге жуық өрен домбыра, қобыз, фортепиано және басқа да 12 түрлі музыкалық аспапты үйретеді. Мамандар қайтарылған активтер есебінен салынған нысандар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосып жатқанын айтады.
Айгүл Әбутәліпова, өнер мектебінің директоры:
Балаларға 39 қосымша білім беру педагогі дәріс береді. Өнерлі, талантты балаларды дайындық тобынан бастап мектепке қабылдаймыз. Шәкірттеріміз қазір 316 бала, оның ішінде 35 бала биылғы оқу жылында халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды. 38 баламыз республикалық конкурстардың жүлдегері атанса және 16 бала облыстық фестивальдердің лауреаттары атанды.
Ердос Әріпбай, Ордабасы аудандық прокуратурасының прокуроры:
30 нысанға 26,4 млрд теңге бөлінген соңғы екі жылда. Оның 27-сінің құрылыс жұмыстары аяқталып, толықтай қабылдауға берілген. Үш нысанның құрылысы қазіргі таңда жалғасуда. Енді оны аяқтап, алдағы уақытта пайдалануға беріледі. Және бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы