Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
Ал жаңа оқу жылынан бастап мектеп асханасынан зиянды тағамдар алынып тасталды. Енді балаларға тәттілер, майға піскен бәліш пен қанты көп сусындар берілмейді. Ас мәзірінде қандай тағамдар бар? Тамақтың сапасын кім тексереді? Жанел Нұрболатқызы тарқатады.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Жаңа ас мәзірін көру үшін Астанадағы мектептердің біріне келдік. Оқушылардың дәл түскі ас ішіп жатқан сәтке түстік. Бүгін оларға бұршақ езбесі, тауық еті, қырыққабат және сәбіз беріліп жатыр. Мына сусынға мән беріңізші. Шырынға ұқсайды. Бірақ бұл «Денсаулық сусыны» деп аталады екен. Құрамында лимон мен алма бар. Жаңа талапқа сәйкес, енді ас мәзірінде тек осындай құнарлы, пайдалы ас болуы керек.
Қандай тағамдарға тыйым салынды? Біріншіден, шұжықтар, кремі көп тоқаштар, майға піскен бәліш, фастфуд енді асханада мүлде сатылмауы тиіс. Нан өнімдерін мейлінше азайтып, оның орнына құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдар қосылды. Тіпті ыстық тамақтың кей түрі жылқы етінен әзірленуі тиіс.
Әлия Қалдыбай, Қазақ тағамтану академиясының нутрициолог маманы:
Зерттеулер нәтижесінде мектеп оқушыларының арасында семіздік, артық салмақ аурулары көп кездесетіні байқалды. Тәтті тағамдарды көп қолданған. Бүйрек аурулары, қан тамыр ауруларына алып келеді. Ас мәзірінен алынып тасталған өнімдер – ол біріншіден, шұжық өнімдері. Колбаса, сосиска, сарделькалар.
Тағам құрамын бұдан былай күнде мектеп медбикесі тексеріп отырады.
Шолпан Құсайынқызы, диетолог, медбике:
Балаларға тағамды берер алдын біз дәмін, тұзын көреміз. Тамақ майлы болмауы керек. 100 грамм тамаққа 3 процент тұз ғана, одан артық қосуға болмайды.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Тегін ғана, емес сатылатын тағамдардың арасында да зияндысы жоқ. Тек анау тұрған пицца ма? Сұрайық. Пицца сатып жатсыздар ма?
Гүлмира Қуанышқызы, технолог:
Жоқ пицца емес, жаңа талаптарға сай балалар ағзасына пайдалы ас қана сатылады. Ол деген кәдімгі қырыққабат қосылған бәліш. Қазіргі жаңа талаптарға байланысты балалардың тамағында әр 100 граммға тұздың мөлшері 3 пайыз ғана, ал қант құрамы да 5 пайыз болуы керек.
Мамандардың айтуынша, тамақтану дағдығысы ерте жастан қалыптасады. Бала
күнінен тек фастфудқа үйренген ағзаның есейгенде пайдалы асты қабылдауы қиын
болады. Мектептерде ас мәзірінің қайта қаралып, түбегейлі өзгертілгені де содан.
«Бірақ үйде бұл ұмытылса, білім ордаларындағы өзгеріс нәтижесіз қалады.
Ата-аналар мұны қаперден шығармаса екен», дейді диетологтар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы