Бірыңғай зейнетақы қорында 600 мыңға жуық иесіз есепшот бар
Бүгінді таңда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жалпы жарнасы 1,2 миллиард теңгені құрайтын 600 мыңға жуық иесіз зейнетақы есепшоттары бар. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында қор басшысы Руслан Ерденаевмәлімдеді.
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, есепшоттардың барлығына инвестициялық кірістер аударылып тұрады.
«Аталған 1,2 миллиард теңгеге осы жылдар ішінде 3,8 миллиард теңге инвестициялық кіріс аударылды»,- деді Қайрат Келімбетов.
Р.Ерденаевтың сөзіне қарағанда, бұған дейін иесіз қалған мұндай есепшоттардың саны миллионға жеткен. Бүгінде ай сайын 1,5 мыңға есепшоттың иесі табылып отырады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар бір орталықтан жүргізілетін болады.
«Мұндай шоттардың пайда болуының басты себебі, адамдар шетелге кеткеннен кейін есепшоттарын естен шығарады не болмаса адам қайтыс болғаннан кейін мұрагерлері іздемейді», - деді қор басшысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10