Өрмекші-адам қазақша сөйледі
Астанада «Нұр Отан» партиясының қолдауымен қазақ тілін үйренуді дәріптеу аясында «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмнің алдын-ала көрсетілімі ұйымдастырылды.
Қазақ тілін дәріптеу бойынша атқарылып жатқан кешенді шараларды орындау шеңберінде және мемлекеттік тілді үйренуде заманауи мультимедиялық жағдай жасау үшін «Болашақ» қауымдастығы осымен төртінші жыл қатарынан рейтингісі жоғары, танымал фильмдерді аудару бойынша жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды аталмыш қауымдастықтың баспасөз қызметінен.
2014 жылы қазақ тілі «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмінің кейіпкерлері сөйлеген ағылшын, француз, испан, неміс, португалия және орыс тілдерінен кейінгі әлем бойынша жетінші тілі болды. Алғашқы «Жаңа өрмекші адам» фильмінің әлемдік кассалық жиналымы өз бюджетінен үш есеге асып түскен еді. Қазіргі «Жаңа өрмекші-адам: Кернеген қуат» фильмінің бюджеті 200 миллион доллар, ал ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған дубляж құны - 80 мың доллар.
Осымен төртінші жыл қатарынан «Алтын қыран» қайырымдылық қоры фильмдерді қазақ тіліне аудару бойынша қаржылық қолдау көрсетуде. Бұл үкіметтік емес ұйымдар мен бизнестің отбасымен бірге тамашалауға арналған қазақ тіліндегі контентті жасаудағы ықпалдастығының үздік үлгісі болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда референдум қарсаңында ауқымды форум-концерт өтті
13.03.2026, 10:17
Оралда коалиция мүшелері мүгедектігі бар адамдармен кездесті
13.03.2026, 10:13
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы: Балаларды қолдауға, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген
13.03.2026, 10:03
Австралияда жасөспірімдердің бестен бірі тик-токты қолданып жүр
13.03.2026, 10:00
Иранда соғыстан 2 мыңдай адам қаза тауып, миллиондағаны үйлерін тастап кетті
13.03.2026, 09:55
Атырауда мұз жұқарып, балықшыларға ескерту жасалды
13.03.2026, 09:52
«Қазгидромет» 13 өңірде ескерту жариялады
13.03.2026, 09:39
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
13.03.2026, 09:10