Фабрика қызметкерлері сүтке шомылған
Ресейдің Омбы қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерден ірімшік фабрикасы қызметкерлерінің жұмыс барысында сүтке шомылғаны түсірілген суреттерді көріп, наразылық білдіруде, деп хабарлайды lifenews.ru.
Омбылықтар қалалық «Роспотребнадзор» мекемесіне жергілікті ірімшік фабрикасын тексеруді өтініп, хабарласқан. Бұл жаға ұстатарлық оқиғаны фотоға түсіріп, әлеуметтік желіге орналастырған сол фабрика қызметкерлерінің бірі – Артем Романов екені анықталды.
Ол Жаңа жылды достарымен бірге жұмыста қарсы алған. Біраз уақыттан соң, жастар салқындағысы келіп, сүт толы ваннаға түскен. Ал танымал «Косичка» ірімшігі дәл осы фабрикада жасалады екен. Тіпті, жұмыскерлер бір-бірі қуалап, ірімшік массасы қалай жасалатынын көрсету мақсатында бейнеролик жасамақшы болған.
Ал олар шомылған сүтті «Роспотребнадзор» зерттемек. Омбы тұрғындарының ойынша, дәл осы сүт өндірісте қолданылуы мүмкін. Жақын арада өндіріс орнына жоспардан тыс тексеру жүргізілмек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14
Ресейде алтын мен бағалы металдан кіріс азайып кетті
14.10.2026, 17:12