«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
Биыл «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына 8 млн-нан астам адам қатысып, 192 мың гектар аумақ тазартқан. Жиналған күл-қоқыс көлемі 1 миллион тоннадан асты. Игі іске 985 мыңға жуық волонтер атсалысқан. Жыл басынан бері акция аясында 1,5 млн түп ағаш отырғызылды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында да бірқатар жұмыс атқарылды. «Жасыл балабақша» жобасы аясында 295 мектепке дейінгі ұйым құрылып, 1748 педагог экологиялық тәрбие беру бойынша оқудан өтті. Мектептерде осы тақырыпқа 158 мыңнан астам сынып сағаты арналды. Бұдан бөлек, акцияны ілгерілету аясында 223 шара өтті.
Мейіржан Айтжанов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сарапшысы:
Бұл көрсеткіш акцияның ауқымын ғана емес, қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың көлемін де көрсетеді. Басты мақсатымыз – тек қоқыс жинап, аумақтарды тазарту ғана емес, сонымен қатар қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы