«Аграрлық несие корпорациясы» көктемгі егін жұмыстарын қаржыландыруға өтініштер қабылдайды
«ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіретін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру үшін өтініштер қабылдайды, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алған қаржысы арқылы жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға және өнімді егу мен жинау бойынша өзге де қажетті шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын өткізуге қажет несиені 5 пайыз жылдық үстемемен үстіміздегі жылдың 1-желтоқсанына дейінгі мерзімге екінші деңгейлі банктердің кепілдемесі арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы 9 пайызға дейін жылдық сыйақы үстемесі бойынша кепілге жылжымалы және жылжымайтын мүлік қою арқылы да қол жеткізуге болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Таяу Шығыстағы соғыстың тоқтауын құптайтынын мәлімдеді
08.04.2026, 14:29
Петропавлдағы жылу желілері мемлекет меншігіне өтті
08.04.2026, 14:27
Қазақстан білім беру рейтингі бойынша 18-орынға көтерілді
08.04.2026, 14:25
Кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған Қостанайлық блогер 7.5 жылға сотталды
08.04.2026, 14:24
Теңге нығайып келеді
08.04.2026, 14:22
Мұнай 94 долларға дейін арзандады
08.04.2026, 14:19
АҚШ пен Иран соғысты екі аптаға тоқтатуға келісті
08.04.2026, 14:18
Мәжілісте қаңғыбас иттер мәселесі қайта көтерілді
08.04.2026, 14:12