Басты Жаңалықтар 5 кенші қаза тапты

5 кенші қаза тапты

Түркияның Маниса провинциясына қарасты Сома ауданындағы кеніштердің бірінде 7 шахтерді топырақ басып қалды. Апаттан кейін көп ұзамай жаралы екі кенші жер бетіне шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер. Бірнеше сағатқа созылған іздеу-құтқару операциясының артынан жер астында қалған 5 кеншінің де денесі табылды. Әзірге жекеменшік кен орнындағы апатқа не себеп болғаны белгісіз. Апаттың себебі мен кінәлілерді анықтау үшін арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр.


Бөлісу