Басты Жаңалықтар Газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты

Газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты

Сирия астанасы Дамаск төңірегінде газ құбыры жарылып, 3 электр станциясы істен шықты. Елдің бас қаласы мен іргелес аудандарды электрмен қамтамасыз ету қиындаған. Бұған қоса экономикаға айтарлықтай шығын келді. Техникалық мамандар нысанды қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Жарылыстың неден болғаны әзірге беймәлім. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Өткен аптада Дейр-әз-Зор провинциясында газ құбыры жарылған еді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, энергетика нысандарына «Даиш» қарулы тобы шабуыл жасаған. 


Бөлісу