Басты Жаңалықтар Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады

Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады

«Қазақстандағы Конституциялық реформалар қоғамдық келісімді күшейтіп, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады». Еуропалық сарапшылар осылай дейді. Сырт көз сыншылар Жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін және мемлекеттік институттардың ашықтығын күшейтуге басымдық берілгенін жоғары бағалап отыр. Мұндай ауқымды реформалар елдің институционалдық жүйесін нығайтып, Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын арттырады. Ал жаңадан құрылған Халық кеңесі мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты диалогты қамтасыз етуге септігін тигізеді, - дейді шетелдік сарапшылар.

Альберто Тюркстра, «Дипломатиялық әлем» басылымынң жоба жетекшісі, Орталық Азия елдері бойынша тәуелсіз сарапшы:
Халық кеңесі өте маңызды орган. Бұрын осыған ұқсас Қазақстан халқы ассамблеясы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі болғанымен оларда заң шығаруға бастамашылық ету өкілеттігі болған жоқ. Ал Халық кеңесі заң жобаларын талқылап, билік органдарына ұсына алады. Кеңеске барлық аймақтар мен этникалық топтардың өкілдері кірген. Олардың өз жұмысын қоғамдық негізде атқаратыны керемет.


Бөлісу