Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
Ақтөбелік оқушылар өздерінің экологиялық жобаларын ұсынды. «Смарт білім» мектеп-гимназиясында өткен шара барысында ауқымды флешмоб та ұйымдастырылды.
Осылайша білім ордасының ұстаздары мен оқушылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасына қолдау білдірді. Мектеп ұжымы ағаш отырғызу мен тазалық жұмыстарына ұдайы үлес қосып отырады. Талантты шәкірттер дайындаған экологиялық жобалар да ерекше. Мәселен, оқушылардың бірі жаңбыр суын арнайы сүзгіден өткізіп, оны егін шаруашылығына қолдану жолдарын ұсынды. Шараға арнайы шақырылған әкімдік өкілдері мен экологтар бұл жұмыстарды жоғары бағалады.
Дельбара Жұмабаева, оқушы:
Жобаға бір ай уақыт көлемінда уақыт кетті. Жоба жасау өте қызықты болды. Біз әр түрлі ақпарат көздерінен ізденіп, жобаны жасадық. Әр түрлі қалдықтарды сүзгеннен кейін бидай өнімдерін 10-20 күн аралығында алуға мүмкіндік береді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Чемпиондар елге оралды
05.10.2026, 13:17
Ақмола облысында үздік мектептердің спорт алаңдарын жаңартады
05.10.2026, 13:12
Ақтауда Любовь Нам Абайды дәріптеп жүр
05.10.2026, 13:10
Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады
05.10.2026, 13:07
Сирияда газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты
05.10.2026, 13:05
Түркияда 5 кенші қаза тапты
05.10.2026, 13:03
Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің бірін тосыннан тексерді
05.10.2026, 13:01
ДСМ: Иркутскідегі жағдай бақылауда
05.10.2026, 13:00