Ақмола облысында үздік мектептердің спорт алаңдарын жаңартады
Ақмола облысының 3 мектебі «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған республикалық байқауда жеңімпаз атанды. Жүлделі орынға ие болған мектептерге сыйлық ретінде спорт алаңы мен воркаут аймағы толық жабдықталады.
Байқауға тек қордың тарапынан қолдау көрген мектептер қатысты. 2022 жылдан бастап өңірдегі 18 тірек мектебі қордың тарапынан 4,5 миллиард теңгеге жабдықталған. Сол тірек мектептердің жетекшілігіндегі 54 шағын жинақты мектепке 1 миллиард 200 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Олар 5 пән бойынша жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтылды. Тірек мектептердің мұғалімдері шағын жинақты мектептердің оқушыларына онлайн форматта білім беріп келеді.
Айгүл Шақшақова, облыстық білім басқармасының бас маманы:
Бұл мектептер 3 жыл ішінде өздерінің осы кабинеттен алған көмегінің арқасында көптеген республикалық байқауларға шықты, сонымен қатар өңірлік семинарларға қатысты. «Қазақстан халқына» қоры тек кабинеттермен жабдықтамайды, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Білім инновация қорының тренерлері әрі қарай сол мұғалімдерді 3 жыл бойы оқытты.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада: Чемпиондар елге оралды
05.10.2026, 13:17
Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
05.10.2026, 13:15
Ақтауда Любовь Нам Абайды дәріптеп жүр
05.10.2026, 13:10
Шетелдік сарапшы: Реформалар елдің бәсекеге қабілетін арттырады
05.10.2026, 13:07
Сирияда газ құбыры жарылып, 3 электр станция істен шықты
05.10.2026, 13:05
Түркияда 5 кенші қаза тапты
05.10.2026, 13:03
Қорғаныс министрі әскери бөлімдердің бірін тосыннан тексерді
05.10.2026, 13:01
ДСМ: Иркутскідегі жағдай бақылауда
05.10.2026, 13:00