«Жастар» театры балаларға арналған қойылым ұсынады
Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында Астана қаласы «Жастар» театрының актерлері Жандәулет Батай мен Азамат Жұмайбайұлы қонақта. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Жастар» театрының орны ерекше. Театр ұжымының актерлері өз жаңалықтарымен бөлісті.
Азамат Жұмабайұлы, Астана қаласы «Жастар» театрының актері:
Өнер адамы қошемет үшін өмір сүреді. Жақында Шекспирдің «Асауға тұсау» спектаклін сахналадық. Бұл қойылым көрерменге ұнады. Театрдың бір жетістігі болды.
Актерлер театрдан бөлек, тележобаларға қатысады, дубляж саласының да қыр-сырын меңгерген. Фильмдер мен мультфильдерді дубляждап жүргеніне екі жылдай уақыт болған.
Жандәулет Батай, Астана қаласы «Жастар» театрының актері:
Қойылымның көрінісін халыққа іс-әрекетпен жеткізетін болсақ, дубляждің ерекшелігі – дыбысталуы. Мәтінмен көп жұмыс жасау керек. Бұл жерде актерлердің тәжірибесі мен ой ұшқырлығы да қажет.
Театр ұжымы мереке қарсаңында «Наурыз аруы» қойылымын сахналауды жоспарлап отыр. Наурыздың 12-нен бастап сахналанатын қойылым балаларға арналған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04