Головкиннің келесі қарсыласының есімі осы аптада жарияланады
Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі карсыласының есімі аптаның аяғына дейін белгілі болады. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді.
26 сәуірге жоспарланған жекпе-жек қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі 30-шы жекпе-жегі болмақ. Кездесу Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.
Бұл жекпе-жекте Геннадий Головкиннің қарсыласы ирландтық Энди Ли (31-2, 22 КО) болуы ықтимал.
Биыл Головкин төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Келесі екі жекпе-жегі жаз бен күзде өтеді. Әзірге қарсыластарының есімі белгісіз.
Бұл маусымды қазақстандық боксшы чемпиондық атағын қорғаумен бастаған еді. Монте-Карлода өткен жекпе-жекте ганалық Осуману Адаманы жетінші раундта техникалық нокаутқа жіберді. Головкин қатарынан 16 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13