1160 адамға материалдық көмек көрсетіледі
|
Астанада Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылу күніне орай әскери іс-қимылдарға қатысқан 1160 адамға материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.
«Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасына сәйкес Ауғанстаннан Кеңес одағының шектеулі әскери контингентін шығару күніне (15 ақпан) орай Ауғанстан соғысында әскери іс-қимылдарға қатысқан 1160 адамға 3 000 теңгеден бір реттік материалдық көмек көрсетілді»,- делінген хабарламада.
Басқарманың хабарлауынша, Ауған соғысының ардагерлеріне ай сайын ақшалай қаражат түрінде коммуналдық және басқа да шығындарды төлеуге әлеуметтік көмек көрсетіледі, сондай-ақ:
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- тіс протездеу бойынша медициналық қызмет;
- қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде тегін жол жүру;
- шипажайлық-курорттық емделу;
- мерекелік және айтулы күндерге орай бір реттік ақшалай төлемдер алу құқығын пайдаланады.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10