Бүгін - Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген күн!
Бүгін қазақ әліпбиінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы, ірі ғалым, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күні мен жылы туралы түрлі ақпарат бар.
Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Сахыбекқызы: «Алаш арысының шын туған күні өзінің деректері бойынша 1872 жылдың 5 қыркүйегі. Мұны ғалым өзінің сауалнамалық құжаттарында 9 жерде жазған. Сондай-ақ, өз қолымен толтырған өмірдерегінде де «Менің туған жылым – мешін жылы, 1872», деп бастайды»,-дейді.
Филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Кәкішев: «Алаш қайраткерлерінің ішіндегі ең тазасы, ең білімдісі, ең терең ойлайтыны – Ахмет Байтұрсынов»,-дейді.
Сәкен, Бейімбет бастаған Алаш арыстары 1957 жылы ақталып шықты. Ол тізімге Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаевтар енбей қалған.
Тек бүкілхалықтық қозғаумен 1988 жылы ғана олар ақталып шықты. Кеңес үкіметінің кезінде Алаш арыстарының атын айтудың өзі қылмыс саналған. Әйтсе де, 1967 жылы америкалық профессор Ол Ройд өзінің «Отандық түркологияның библиографиялық сөздігіне» Ахмет Байтұрсынұлының есімін енгізіпті.
«Шоқан, Ыбырай, Абай – қазақтың ағартушы демократтары. Мен бұл тізімге төртінші қылып Айметті де қосар едім. Себебі, ол – революционер демократ»,-дейді Тұрсынбек Кәкішев.
Ахаңның біз біле бермейтін тағы бір қыры бар. Ол – әншілік өнері. Кезінде Затаевич қазақтың 1000 әнін жинаған тұста, бұл іске Ахмет Байтұрсынұлының көп пайдасы тиген.
Мысалы, оның «Аққұм» атты әні кеңестік идеологияның кесірінен «Қазақтың мың әніне» енбей қалды. Есесіне сол үкіметтің өзі құрып кетті. Ал Ахаңның соңында бізге белгілі 24 әні қалды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміз бойынша жаңадан тағы 232 мектеп салынып жатыр
03.11.2025, 13:25
Еліміздегі неміс диаспорасы Қазақстан мен Германия ынтымағына әсер етуде
03.11.2025, 13:21
АҚШ-та әуе рейстері доғарыла бастады
03.11.2025, 13:15
Ауғанстанда 6,3 балдық зілзала болды
03.11.2025, 13:12
Қызылордада шеге жұтып қойған балаға ота жасалды
03.11.2025, 13:09
Жамбыл облысында 730 оқушының денсаулығын тек құжат жүзінде қараған
03.11.2025, 13:06
Павлодар облысында интернет-алаяқтық үдеп барады
03.11.2025, 13:03
«Таза Өскемен» кәсіпорнының басшылары ₸120 млн ұрлады деген күдікке ілікті
03.11.2025, 13:00