Басты Жаңалықтар Еліміз бойынша жаңадан тағы 232 мектеп салынып жатыр

Еліміз бойынша жаңадан тағы 232 мектеп салынып жатыр

Ел аумағында 267 мың оқушыға арналып, 232 мектеп салынып жатыр.

Мақсат: үш ауысымды оқыту мәселесін шешу, оқу орындарының тапшылығы мен апатты мектептерді жою. Биылдың өзінде 105 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Олардың 71-і «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Бой көтерген білім ордаларының басым бөлігі Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында орналасқан. Ұлттық жобаға сай, 460 мың орынға арналған 217 заманауи мектеп салынады. Олардың 40%-дан астамы ауылдық жерлерде болады. Жаңа формат бойынша, мектептің жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе өспек. Роботехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары бірнеше спорт залдары қарастырылған.


Бөлісу