Жамбыл облысында 730 оқушының денсаулығын тек құжат жүзінде қараған
Жамбыл облысы Талас ауданында дәрігерлер 730 оқушының денсаулығын тек құжат жүзінде қараған. Іс жүзінде ақ халаттылар ағарту ошақтарына барып, ешқандай ем-шара жүргізбеген. Бірақ бір жыл бойы медициналық көмек көрсетілді деп мемлекет қаржысын алып келген.
Енжарлық салдарынан ел бюджетіне 20 млн теңге шығын келді. Мұны арнайы мониторинг кезінде аудан прокурорлары анықтады. Олар 10 мектепке қатысты дәрігерлердің іс қағаздарын жіті тексерген. Белгілі болғандай бір де бір баладан талапқа сай талдамалар алынбаған. Осыдан кейін Талас ауданының бас дәрігері тәртіптік жазаға тартылды. Ал есепші мен скрининг өткізбеген мамандар сөгіс алды. Бас-аяғы 12 қызметкер жауапқа тартылды.
Арман Сұлтанов, Талас аудандық прокуратурасының аға прокуроры:
Талдау нәтижесінде 730 оқушының құқықтары қорғалып, аурухана тарапынан қайта скрининг жүргізілді. Сондай-ақ жалған скрининг нәтижесінде төленген 20 млн теңге мемлекетке кері қайтарылды. Аталған мәселе прокуратура тарапынан бақылауға алынып, талдау жұмысы жалғаспақ.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16