Басты Жаңалықтар Қызылордада шеге жұтып қойған балаға ота жасалды

Қызылордада шеге жұтып қойған балаға ота жасалды

Қызылордада 2 жасар бала 4 сантиметрлік бұрама шегені жұтып қойған. Дәрігерлер бүлдіршінге күрделі ота жасап, сәбидің өмірін сақтап қалды. 

Темір өңештен өтіп ішекке барып тірелген. Абырой болғанда баланың ағзасына ауыр жарақат салмапты. Себебі «бұрамашеге терісінен түскен» дейді мамандар. Ата-анасы да дер кезінде ауруханаға әкеліп, алтын қолды дәрігерлер шұғыл әрекет еткен. Қазір ішектегі зат алынып, бүлдіршіннің өміріне қауіп жоқ. Жалпы облыста жылына 150-ге жуық бала түрлі нәрсе жұтып қойып ауруханаға түседі. 

Самат Шуақбаев, облыстық балалар ауруханасының хирург дәрігері:

Бізге келіп түсті. Қарадық. Қараған кезде шуруп 12 елі ішекте орналасқан. Көлденең орналасқан. Эндоскопиялық жолмен алу мүмкін болмады. Бірнеше рет алып шығуға тырыстық. Сол себептен ашық операция жасауға тура келді. Ашық ота жасалды. Шрупты алдық, баланың жағдайы жақсы. 


Бөлісу