«Таза Өскемен» кәсіпорнының басшылары ₸120 млн ұрлады деген күдікке ілікті
«Таза Өскемен» кәсіпорнының бұрынғы басшылары 120 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті. Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдіктілердің арасында мекеменің бұрынғы директоры, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар. Олар 2022-2023 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбестен, жүйелі түрде бюджет қаражатын өздерімен байланысы бар коммерциялық құрылымдардың есепшоттарына заңсыз аударып отырған. Қылмыстық жолмен алынған ақшаға қымбат көліктер және пәтер сатып алғандары анықталды. Кәсіпорынның бұрынғы директоры бұлтартпау шарасы ретінде екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19