Павлодар облысында интернет-алаяқтық үдеп барады
Павлодар облысында интернет-алаяқтық құрбандарының саны былтырғыға қарағанда екі есеге артқан. Биыл 9 айда 1800-ден астам дерек тіркелді. Келтірілген шығын көлемі 3 миллиард теңге. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1 миллиард теңгеге көп. Алаяқтардың өз әрекеттерін жетілдіргені сондай, құрбандарына бір емес, бірнеше рет қоңырау шалып, өздерін түрлі мемлекеттік немесе қаржы ұйымдарының «ресми өкілі» ретінде таныстырып, сенімге кіреді.
Сүйіндік Қайырбаев, Киберқылмыспен күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі:
Жуырда бір тұрғынға «энергосбыттанбыз» деп қоңырау шалып, пломбаны ауыстыру қажет деді. Кейін «банк өкілдері» болып хабарласып, сіздің атыңызға 8 миллион теңге көлемінде несие рәсімделді деп жалған құжаттар жіберген.
Дәл осы оқиға кезінде облыс тұрғыны 8 миллион теңгесінен айырылған. Ал тағы бір адам биыл «рекорд» жаңартты. Ол жарнамалық сілтемеге өтіп, 90 млн теңге ақшасын аударып жіберген. Бұл дерек «инвестициялық алаяқтық» деп қылмыстың жаңа түрі ретінде тіркелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы