Қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды
Қырғыз Республикасының Баткен облысында Тәжікстанмен шекаралас жерде қарулы қақтығыс болды. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметінің қоғамдастықпен және БАҚ-пен байланыс бөлімі хабарлады.
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметінің ақпараты бойынша Тәжікстан шекарашылары қырғыз әскери қызметшілеріне қарсы бірінші болып қару қолданған.
Қырғыз шекарашыларына қарсы оқ атуды Тәжікстанның МҰҚК шекара әскері арнайы жасақ бөлімшесінің бастығы бастаған. Сондай-ақ, тәжік тарапынан атыс қаруымен қоса миномет қолданылған.
Одан әрі Қырғызстанның Баткен облысы мен Тәжікстанның Соғды облысының өңірлік шекара басқарма бастықтарының кездесуі барысында тәжік тарапына жарылмай қалған миномет снаряды көрсетілді.
Қақтығысқа байланысты Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі тәжік тарапын қырғыз әскери қызметшілеріне қатысты қару қолданғаны және қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасында шекарашылардың әрекеттеріндегі өрескел бұзушылық фактісі бойынша түсініктеме беруге шақырды.
Ресми ақпарат бойынша, атыс нәтижесінде Қырғыз Республикасының МШҚ бес әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың ішінде біреуінің денсаулық жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Зардап шеккендер Баткен облысы аурухана дәрігерлерінің жіті бақылауында. Тәжік әскери қызметшілерінің арасында да жарақат алғандар бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13