Жылқы – тектілік символы
Қазақ жылқыны төрт түліктің төресі дейді. Жеті қазынаның біріне балайды. Жылқы – тектілік символы саналады. Қазақ жылқыны сол үшін қадір тұтады.
Сонымен қатар, жылқының алғаш қазақ жерінде қолға үйретілгені дәлелденген. Оған теріскейдегі Ботай қонысынан табылған мәліметтер мен жәдігерлер куә.
Археологтар тас дәуірі мен қола дәуірі арасында жылқы өсірушілер мен үйретушілер қазақ жерінде болғанын анықтап отыр. Ата-бабадан қалған өнерді халқымыз атбегілікпен жалғады.
Қазақтың жыр-дастандарында да жылқыға аса мән беріледі. Жалпы, жылқы бітімі бөлек жануар. Қазақ ғасырлар бойы аттың жүйрігін, мықтысын сұрыптап, ерекше күтімге алған.
Мысалы, Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Қамбардың Қара қасқасы, Қабанбайдың Құбасы, Ақан Серінің Құлагері, Бұғыбайдың Қара серкесі, Наурызбайдың Ақазуы, Исатайдың Ақтабаны сынды тұлпарлар – жылқының ер жігіттің сенімді серігі бола алатынына дәлел.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрландыру және ЖИ экономикаға тың серпін береді
25.05.2026, 20:24
Екібастұз МАЭС-1: Жөндеуден кейін жұмыс қуаты артты
25.05.2026, 20:22
Шалғай ауылдарға ауызсу құбыры тартылып жатыр
25.05.2026, 20:20
Ақтөбе облысындағы ең ауқымды экологиялық жоба сәтті жүзеге асты
25.05.2026, 20:19
AI-фильмдер байқауы: Жүлде қоры - $1 млн
25.05.2026, 20:15
«Munaily Marathon-2026» марафоны өтті
25.05.2026, 20:13
Липосакцияның қаупі қандай?
25.05.2026, 20:13
Оқушылар халықаралық байқаулардан мыңнан аса медаль иеленді
25.05.2026, 20:11