Ел аумағында бір тәулікте 144 оқыс оқиға тіркелді
Өткен тәулікте ел аумағында 144 оқыс оқиға тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері өрт шыққан аумақтарда және боранда далада қалып қойған адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізген, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметі.
Ақмола облысындағы жол бойында қалааралық үш автобус қатты аяздан діттеген жеріне жете алмай тоқтап қалған. Барлығы 120 жолаушы қауіпсіз жерге тасымалданып, барар жерлеріне басқа көліктермен жеткізілді.
Сондай-ақ, «Астана-Петропавл» тас жолының 205-ші шақырымында жол-көлік апаты болды. Оларға «Макинск» жол бойындағы дәрігерлік-құтқару бекетінің бригадасы шұғыл көмекке келді. Ал, «Үшарал» бригадасы «Алматы-Өскемен» тас жолының 508-ші шақырымында жол-көлік апатына ұшыраған бір адамды дер кезінде ауруханаға жеткізді.
Бүгінгідей күн райында алыс жолға шықпаған абзал. Себебі, «Қазгидрометтің» хабарлауынша, республика көлемінде қатты аяз бүгін де сақталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға үндеу жасады
03.03.2026, 20:59
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!»
03.03.2026, 20:19
Жаңа Конституция жобасы – ұзақмерзімді дамудың берік негізі
03.03.2026, 20:15
Қазақстан әлемдегі экономикасы дамыған ең ірі 50 елдің қатарына енді
03.03.2026, 20:12
Республикалық референдумға дайындық кестеге сай жүріп жатыр
03.03.2026, 20:09
Биыл 9 мың шақырымға жуық автожол жөнделеді
03.03.2026, 20:08
Референдум: Басқа қалада болсаңыз, қалай дауыс беруге болады?
03.03.2026, 20:07
Израиль Ливанның оңтүстігіне әскер кіргізіп жатыр
03.03.2026, 20:07