Республикалық референдумға дайындық кестеге сай жүріп жатыр
Референдум кезінде ашықтық, заңдылық қатаң сақталып, барлық азаматқа тең жағдай жасалады. Бүгін Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, референдумды бағалау Миссиясының басшысы Дуглас Брюс Уэйкпен кездесуінде осылай деді. Нұрлан Әбдіров 15 наурызға жоспарланған науқанға дайындық жұмыстары кестеге сай жүріп жатқандығын мәлімдеді. Сонымен қатар, арнайы қолжетімді және инклюзивті орта құру бойынша жұмыстарға ерекше көңіл бөлінген. Арбадағы азаматтар үшін арнайы кабиналар жабдықталған. Бүгінде 5 мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 21 байқаушы аккредиттелді. Бұған қоса, тағы 15 мемлекет және халықаралық ұйымдар өздерінің аккредитациялау туралы өтінімдерін жолдаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы